Akilbek Jemeney

Текст песни Айлы түн

Айлы түн видео клип

No photo
Обзор
Голоса:
0
Неверный текст?

Переводы песни Айлы түн:

русский (2)транслит

Akilbek Jemeney - Текст песни Айлы түн

Ашық еді көгілдір аспан,
Көл бетіне ай нұрын шашқан.
Жағада толқын,
Шағала қалқып,
Біріне-бірі жарасқан.
Бақта бұлбұл әнге салады,
Сыбдыр қағып сулар ағады.
Аққан бір судай,
Өмір де зулай,
Байқамай өтіп барады. Сен келмедің сол бір түндерде-ей,
Мен сырымды айттым әсем гүлдерге.
Жағаға келем сағынғанда сені,
Сырласамын самал желмен түндерде. Толқынменен тербеліп қайық,
Ақ желкенің өзіңе лайық.
Махабатымсыз, отырмын жалғыз,
Жол жаққа қарап мұңаям.
Жұлдыздар қарап жымыңдасқан,Akilbek Jemeney - Айлы түн - http://ru.motolyrics.com/akilbek-jemeney/ajly-t-n-lyrics.html
Биік таулар көкпен таласқан.
Айнала жарық, көрінген анық,
Айлы түн қандай тамаша! Сен келмедің сол бір түндерде-ей,
Мен мұңымды айттым әсем гүлдерге.
Жағаға келем сағынғанда сені,
Сырласамын самал желмен түндерде. Мен күтемін бұл түнде,
Сен келмедің бірақ.
Сағынамын сені,
Кеттің жаным жырақ.
Күндіз де түнде де,
Ойымда жалғыз сен.
Жалынды отыммен,
Сүйемін сені мен. Сен келмедің сол бір түндерде-ей,
Мен мұңымды айттым әсем гүлдерге.
Жағаға келем сағынғанда сені,
Сырласамын самал желмен түндерде. (2х)

Оставить комментарий

Что вы думаете о песне "Айлы түн"? Напишите ваш комментарий.

Рекомендуемые песни