- Голоса:
Zattybek - Текст песни Ақмаржан
Қоштасып едік жанардан жақұт құлап,
Жұбатты кеп ақ жеңге уақыт бірақ.
[Көрінесің көңілді, ал шынында,
Сенен гөрі мен екем бақыттырақ.] (2х) Бар асылым, қимасым, жанашырым,
Дала сырың, тұп тұнық қарашығың.
Сенің сырлы сәтіңді аңсадым ғой,
Тағынғанда, тағынғанда ақмаржан дала шығын. Тербетілем өлеңнің құшағында,
Бауырыма ып-ыстық қысамын да.
[Тереңдерге сүңгимін, қарсы ағамын.
Ерік бермей екпінді күш ағынға.] (2х) Бар асылым, қимасым, жанашырым,
Дала сырың, тұп тұнық қарашығың.Zattybek - Ақмаржан - http://ru.motolyrics.com/zattybek/a-marzhan-lyrics.html
Сенің сырлы сәтіңді аңсадым ғой,
Тағынғанда, тағынғанда ақмаржан дала шығын. Тұнығы бар көзіңде таза мұңның,
Сезбеппін ғой не екенін азабыңның
[Көгершін боп көңілім алып ұшар,
Аспанымен бұлбұл бақ базарының] (2х) Бар асылым, қимасым, жанашырым,
Дала сырың, тұп тұнық қарашығың.
Сенің сырлы сәтіңді аңсадым ғой,
Тағынғанда, тағынғанда ақмаржан дала шығын. Сені іздедім алыссың, неге іздедім?
Ажырамас әлде сен егіз бе едің?
Дәл қазіргі сәттегі сағынышым,
Дауыл күнгі толқыған, дауыл күнгі толқыған теңіз бе едің?