- Голоса:
- Смотри также:
Kayrat Nurtas - Текст песни Кешігіп неге жолықтың
Kayrat:
Күз жауып тұрған ауладан,
Естідім әсем әніңді,
Ызғарлы мұңға жаураған,
Жылыттың менің жанымды. Akbota:
Жалғыздық еді жүдеткен,
Жанымды сенсің түсінген.
Ынтыққан ыстық жүрекпен,
"Сүйемін" дедім, "сүйемін" дедім ішімнен. Kayrat:
Жаратқан Хаққа жалынған,
Жел сірә, мендей жылаған.
Кетпеші, кетпе жанымнан,
Сұранам сенен сұранам. Kayrat:
Айта алмай жүрмін айта алмай,
Ғашықпын саған ғашықпын.
Жаныңа барсам қайта алмай,
Көргенше сені асықпын. Akbota:
Тағдыры бөлек қыз едім,
Үздігіп неге қарадың?!
Көктемі өткен куз едім,
Қиналып тұрмын қарағым. Kayrat:Kayrat Nurtas - Кешігіп неге жолықтың - http://ru.motolyrics.com/kayrat-nurtas/kesh-g-p-nege-zholy-ty-lyrics.html
Түсіме кірдің қаншама,
Жылайды "сен" деп жүрегім.
Жасымыз алшақ болса да,
Өзіңді күтіп, өзіңді-ау күтіп жүремін. Akbota:
Тілім тұр қайтем байланып,
Жүрегім дертті, жаным мұң.
Сезімім өртеп, ой - ғаріп,
Көрмесем сені-ай сағындым. Akbota:
Махабатымды жаңа ұқтым,
Бұл сезім менде болмаған.
Кешігіп неге жолықтың?!
Кешірші мені жан дауам! Akbota:
Айта алмай жүрмін айта алмай,
Ғашықпын саған ғашықпын.
Жаныңа барсам қайта алмай,
Көргенше сені асықпын. Akbota:
Махабатымды жаңа ұқтым,
Бұл сезім менде болмаған.
Кешігіп неге жолықтың?!
Кешірші мені жан дауам!