- Голоса:
- Смотри также:
Переводы песни Qаrа jorğа:
транслит (3)Kazakh Folk songs - Текст песни Qаrа jorğа
Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме?
Қос етек көйлек кимесе, қыздың сәні келер ме?
Ал, қәнекей, жолдастар, біреуің шық тойбастар,
Той дегенде дейді екен, домалайды қу бастар. Ал халайық билеңдер, билеңіздер сүйгенмен,
Басыңыздар шаттанып, қара жорға биіне.
Қоссын барлық бейнеге, қан тарасын денеге,
Қара жорға болмаса, тойдың сәні келер ме? Қара жорға ойнаңдар, "қой" десе де, қоймаңдар,
Қос жүректің шаттығын, дәл осылай тойлаңдар.
Келе бермес ыңғайға, дәл осындай күн қайда?
Ойнаңыздар жамағат, билеңіздер мұндайда. Шалдар жүрсе шаттанып, жанарынан от жанып,
Би билесін майданда, кемпіріне мақтанып.
Кемпір жүрсін кеңкілдеп, ақ жаулығы желпілдеп,
Шалдарына көз қысып, би билесін секілдеп. Биле жеңгем, тілегім, мына тойдың гүлі едің,
Ағалардың қалайда, дір-дір еткіз жүрегін.Kazakh Folk songs - Qаrа jorğа - http://ru.motolyrics.com/kazakh-folk-songs/qara-jorga-lyrics.html
Салауатты ағасы, азаматтың сарасы,
Билеп жатқан сылқылдап, келіншектерге қарашы! Биле, биле жігіттер, жанып тұрған үміттер,
Шыққанынша тоқтама, маңдайыңнан тұнық тер.
Биле қыздар бұралып, сауық сайран құратып,
Жауласын бір от сезім, жүректерде сұрапыл. Қыздар солай маздасын, жүрек қылын қозғасын,
Көрген кезде жігіттер, талып түсе жаздасын.
Ғашықтарда тіл қатып, жүректерді жыр қатып,
Қыз бен жігіт қосылып, билеу деген бір бақыт. Биле биле сұлуым, қандай ғажап күлуің,
Сыртылдасын саусағың, былқылдасын буының.
Анау тұрған бойжеткен, сүйкімді еді-ау ой неткен!
Талайлаған жігіттің жүректерін сөйлеткен. Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме?
Қос етек көйлек кимесе, қыздың сәні келер ме?
Ал, қәнекей, жолдастар, біреуің шық тойбастар,
Той дегенде дейді екен, домалайды қу бастар.